63 жастағы қария ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Теги: , ,
322

Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды.

ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, оқиға Кербұлақ ауданында 28 қыркүйекте болған. Шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылған. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

«Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласқан. Соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», – деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Демалыс күндері еліміздің кей өңірлерінде үсік жүреді
Келесі пост
Шымкентте есік жасайтын цехта өрт шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu