Шымкентте 22 жасар жігітке туған ағасы бүйрегін берді

Теги: , , ,
331

Шымкентте 22 жасар науқасқа туған ағасы бүйрегін берді. Дәрігерлердің айтуынша, бүйрек трансплантациясы сәтті өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, N1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен ағза алмастыру отасын дәрігерлер екі кезеңмен жасады. Білікті дәрігерлер командасы донордан бүйрек алып, кейін ағзаны рецепиентке хирургиялық жолмен салып берді.

“Донор 1996 жылғы қала тұрғыны. Рецепиент 2001 жылғы, сырқатына байланысты 6 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Науқасқа туған ағасы бүйрегін берді. Операция сәтті өтті. Екі пациенттің отадан кейінгі жағдайы жақсы” делінген басқарма мәліметінде.

Дәрігерлер ағзасын берген донорды ауруханадан үйіне шығарды. Ақ халаттылар мұндай ота бүйрек жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастардың сауығып кетуіне зор мүмкіндік беретінін алға тартты.

Алдыңғы пост
Шымкентте 1,1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер Астанадан элиталық үй сатып алған 
Келесі пост
Жамбылдық электрик қас қағым сәтте көлігін ұрлатып алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu