329
Ер адам Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан алаяқтық жасағаны үшін жасырынып келген.
Полицейлер 34 жастағы шетел азаматын «Заңсыз келуші -2023» өңірлік операциясы кезінде ұстаған.
Құқық бұзушының жеке басын анықтау кезінде Өзбекстан Республикасында халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер екені белгілі болды. Көрші елдегі полицейлердің бағыттамасында ер адам 2022 жылы қылмыстық жауапкершіліктен бас сауғалап қашып кеткені және қарулы болуы мүмкін екені көрсетілген. Шетелдіктен ешқандай қару табылмады.
“Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде” деп хабарлады полициядан.