Бастауыш оқушыларына мектеп асханасында мерзімі өтіп кеткен йогурт берілген

Теги: , , ,
300

Алматы облысы Жандосов ауылындағы білім ұясында  бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өтіп кеткен йогурт берілген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Автордың жазуынша, балаларға жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілген. Өнімнің қорабында сақтау мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген.

Желіде тараған ақпараттан кейін Қарасай аудандық білім бөлімінде шұғыл жұмыс тобы құрылып, мектеп асханасына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде сүт өнімдерінің мерзімі өтіп кеткені анықталған және оны балаларға беруге тыйым салынған.

«Мектеп басшысы тәртіптік жауапқа тартылды. Ал жеке кәсіпкерге хабарлама жіберіліп, асхана жұмысы қатаң бақылауға алынды» делінген білім бөлімінің мәліметінде.

@egov.press Telegram каналының жазуынша, Қарасай аудандық полиция бөлімінде бұл жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Алдыңғы пост
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды
Келесі пост
Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің телефонын ұрлап, бар ақшасын ойынға тігіп жіберген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu