7 дәріхананы заңсыз тексерген полицейлер жауапқа тартылды

Теги: , ,
426

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданындағы 7 дәріхананы тексерген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанына қарамастан тиісті актіні енгізбестен осындай әрекетке барған. Өз әрекеттерінің заңсыздығына қарамай, полиция аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы материалдар жинаған (дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату) және фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша іс-қимылдардың заңсыздығын ескере отырып, тексеру іс-шаралары заңсыз, ал олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды. Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдыңғы пост
Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің телефонын ұрлап, бар ақшасын ойынға тігіп жіберген
Келесі пост
Алматыда жанармай тиеген жүк көлігі өртенді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu