312
Ақтөбе облысында 20 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Талдау нәтижеcіне сәйкес облыстық мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққаны анықталған. Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізген. Прокуратура қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеп, оларды негізсіз деп таныған және қадағалау актісін енгізді.
Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды. Ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.
Ведомство мәліметінше, салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.