317
Енесі, келінін ұрып, шашынан тартып әбден төплеген бейнематериал әлеуметтік желіде тарап, көптің талқысына қалған. Желі қолданушылары, бұл оқиға Шымкентте орын алған жеп жарыса жазған болатын. Осыған байланысты, шымкенттік полицейлер, арнайы тексеру жүргізіп, оқиғаның Қырғызстанда орын алғанын анықтады.
Жалал-Абад облысының ішкі істер департаменті 24.kg агенттігіне 16 тамызда 53 жастағы А.Д.-ның Кочкор-Ата қаласындағы ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.