325
Бұл туралы СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.
Ұн қымбаттаған өңірлер: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары.
«Жалпы, қыркүйек айының ортасында астық нарығының конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңірлерде бидай бағасы көтерілді. Бағаның өсуіне күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі себеп болған», – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.