329
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміз Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді.
Бұл туралы Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.
Айта кетейік, Ауғанстанның Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарынан 120-ға жуық адам қаза тапқан болатын.