Қайғылы жағдай, Қонаевтағы қарттар үйінде орын алған. Ресми деректер бойынша 71 жастағы тұрғыны белгісіз себептермен қатты күйік алған. Оны құтқару мүмкін болмаған.
Жергілікті әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ақпаратына сенсек, зейнеткер бөлмеде жалғыз тұрған. Басшылықтың айтуынша, азамат темекі тұтатып, соның салдарынан киімдері жанып кеткен.
«Қазір киімдердің барлығы синтетикадан тігіледі. Киімнің үстіне темекі шоғы түсіп, өрт шыққан. Мұны қызметкерлер марқұмға қызмет көрсету кезегі келгенде ғана байқаған. Олар өртті өшіріп, жедел жәрдем шақырған», – деді мекеменің қожайыны Роза Жамансарина.
«Оны жедел жәрдем бригадасы өте ауыр жағдайда: басы, беті, мойыны, кеудесі, алдыңғы қабырғасы, арқасы, аяқтары II-III дәрежелі термиялық күйік алған күйінде жеткізді. Күйік аумағы – 77-80%. Науқастың жағдайының ауырлығы, табиғи жарақаттар мен реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, науқас қайтыс болды», – деді Қонаев атындағы көпсалалы ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Евгений Ким.
Десе де аталған факті бойынша Алматы облысының прокуратурасы «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.