16 жастағы қыз он үшінші қабаттан құлап көз жұмды

569

Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды. Әзірге оның биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Оқиға, Ақтаудағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірінде орын алды. Жоғары биіктіктен құлаған қыз сол сәтте жан тапсырған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді полицейлер. Алайда нақты көз жеткізу үшін сот-медициналық сараптама жасалады.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім осы үйде туысқанының қолында тұрған. Үш жылдан бері отбасылық жанжал немесе ұрыс-керісті байқамадық дейді көршілері.

«Шақыртуға жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнында денесінде зорлық-зомбылық ізі жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл деректі Ақтау полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.

Алдыңғы пост
Қарттар үйінде ер адам өртеніп кетті
Келесі пост
Назарбаев тағы бір құрметінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu