Қазақстанда 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді

331

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады. Сөзіне сенсек,  қазір медицинада кадр тапшылығы өзекті мәселе болып саналады.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада медициналық кадрдың тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып та келеді. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс болды, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сенат төрағасының сөзіне сенсек, дәл қазіргі таңда нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр. Сондықтан, оларды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асырамыз деп отыр.

Алдыңғы пост
Қазақстанда қызылша дертін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асқан
Келесі пост
“Елімай-2019” қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптылар түрмеге тоғытылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu