336
Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруына шалдыққандардың саны өскен деп отыр. Бірінші вице-министр, Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, биыл Қазақстанда қызылша дертін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асқан. Әсіресе Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл облыстарында мәселе күрделі.
“Бұл аймақтарда халық тығыз қоныстанған және туу коэффициенті жоғары. Мұнда адам көп, туу коэффициенті мен балалардың тығыздығы да жоғары. Сондықтан, жұқтырғандар санының өсуі байқалып отыр”, – деді бірінші вице-министр.