Полиция қызметкері ұрлық жасап, қолға түсті

407

Павлодарлық полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес,  63 жастағы жергілікті зейнеткер хабарласып, ұрының құрбаны болғанын мәлімдеген. Жәбірленушінің айтуынша, Асхат есімді жігіт, Павлодар қаласына оқуға келгенін және бөлмені шұғыл жалға алу керектігін айтқан. Үйдің иесі одан еш сезіктенбеген. Себебі ол өзін полиция подполковнигі ретінде көрсеткен. Сөйтсе, ол жалған полиция екен. 20 күн өткен соң, ер адам пәтерді тастап, үй иесінің құны шамамен 700 мың теңге болатын күзен пальтосын ұрлап кеткен.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-не қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер толық көлемде тартып алынды. Құқықтық тәртіп сақшылары оның Павлодар облысының аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деп мәлімдеді полиция.

Күдіктіден полицияның толық жабдықтары: формасы, еркін сатылымнан алған куәліктері табылды.

Алдыңғы пост
Жетісудағы жол апатынан 35 жастағы азаматша көз жұмды
Келесі пост
Қызық қуып, көптің көңілін көтерген жастар, көлік жүргізу құқығынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu