РФ Әділет министрлігі ЛГБТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп таныды. Сондықтан, сотқа шағым түсірді.
Біржынысты қарым-қатынасқа ресми түрде рұқсат етіледі, бірақ ЛГБТ қауымдастығына жататын демонстрациялар жазаланады.
Ресей Әділет министрлігінің өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде Ресей Федерациясының жоғарғы сотына халықаралық ЛГБТ қоғамдық қозғалысын экстремистік деп тану және оның қызметіне Ресей Федерациясының аумағында тыйым салу туралы әкімшілік талап берілді. Ресей Федерациясының аумағында әрекет ететін ЛГБТ қозғалысының қызметінде «Экстремистік әрекетке қарсы күрес туралы» 2002 жылғы 25 шілдедегі №114-ФЗ Федералдық заңының 1-бабына сәйкес, экстремистік бағыттың әртүрлі белгілері мен көріністері, әлеуметтік және діни араздықты қоздыру анықталды, – делінген ведомство хабарламасында.
Сот ісі, 30 қарашада қаралмақ.