Қазақстанда Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 шетелдіктер тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша құқығы қорғалған.
Босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сарапшылары кіреді, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Айта кету керек, оларға елімізде тұратын азаматтармен бірдей тең дәрежеде медициналық, білім және әлеуметтік көмек беріледі