366
Африка мүйізінде тоқтаусыз жауып жатқан жаңбыр су тасқынына ұласып, 270-ке жуық адам қаза тапты, 900-ден астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Даму мәселелері бойынша Үкіметаралық орган жанындағы ICPACКлиматтық болжамдар және климат деректерін қолдану орталығы мәлімдеді.
Ресми мәлімет бойынша Эфиопия, Кения мен Сомали қатты зардап шеккен.
«Африка мүйізі қазіргі уақытта Эль-Ниньо тудырған жауын-шашын мен су тасқынынан зардап шегіп отыр. Бұл жағдай адамдар мен жануарлардың өліміне және Сомали, Кения мен Эфиопия тұрғындарының жаппай көшуіне әкеп соқты», – деп хабарлады ICPAC.