347
Жолда қалған 5 мың адам құтқарылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
15 желтоқсанда таңғы сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2 413 адам құтқарылған. Оның ішінде 90 бала бар. 600-ге жуық адам үйлеріне қайтарылды. 1 813 адам 6 ауылдағы жылыту пункттеріне жеткізілді. 3 адам Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты, дәрігердің бақылауында. Жалпы 2 күнде 5 мың адам құтқарылды. Сонымен қатар, «Шу-Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған.- деп жазылған хабарламада.
Қазір таңда, Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ашылды. Жолдағы блок-бекеттерге полиция наряды қойылды дейді жауаптылар.