Бұл туралы,«Қазақстан темір жолы» АҚ хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарында қатты жел соғып, аяз түскен. Осыған байланысты аталған аудандарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Сол себепті, 21 пойыз кешігеді:
№1 Алматы – Ташкент 14 сағат 40 минутқа;
№9 Алматы – Нұр-Сұлтан-1 11 сағатқа;
№72 Шымкент – Нұр-Сұлтан 6 сағатқа;
№3 Алматы – Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;
№27 Алматы – Орал 9 сағатқа;
№86 Шымкент – Нұр-Сұлтан 1 сағат 6 минутқа;
№11 Алматы – Шымкент 8 сағат 30 минутқа;
№22 Қызылорда – Семей 8 сағатқа;
№21 Семей – Қызылорда 8 сағат 20 минутқа;
№43 Алматы – Қостанай 8 сағатқа;
№77 Алматы – Маңғыстау 2 сағат 30 минутқа;
№29 Алматы – Атырау 7 сағат 20 минутқа;
№7 Алматы – Саратов 4 сағат 30 минутқа;
№45 Павлодар – Түркістан 3 сағат 40 минутқа;
№75 Петропавл – Қызылорда 3 сағат 20 минутқа.
№33 Алматы – Ақтөбе 6 сағат 30 минутқа;
№506 Жезқазған – Алматы 5 сағат 13 минутқа;
№509 Алматы – Орал 6 сағат 37 минутқа;
№511 Алматы – Атырау 2 сағатқа;
№52 Орал – Алматы 12 сағат 36 минутқа;
№42 Атырау – Алматы 10 сағат 49 минутқа.
Биыл 15 желтоқсанда № 51/52 Алматы 2 – Орал және №41/42 Алматы 2 – Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі де өзгерген. Тальго №41/42 Алматы 2 – Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2 – Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2 – Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 – Орал стандартты пойызымен жүреді, – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ.