392
Жалпыға бірдей декларацияны зейнеткерлер де тапсыруы мүмкін. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов хабарлады.
Айта кету керек, 2021 жылдың қаңтарынан бастап “кіріс” декларациясын мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсыруы керек болатын.
Ал енді, жаңа жылдан бастап, декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
Бұдан бөлек, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаты, яғни, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, студенттер және басқада жандар ұсынылмақ.
Сіз не дейсіз? Декларация тапсыруға көзқарасыңыз қалай?