Жыл басынан бері, 19 мың 476 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды

357

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралған. Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан келген.

Келген қандастарымызды білім деңгейі бойынша саралайтын болсақ, 15,3%-ы – жоғары білімді, 33,6%-ы – орта кәсіби білімді, 42,8%-ы – жалпы орта білімді, және 8,3%-ының білім жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 337 адамды құраса, биылғы мәлімет бойынша, 2 053 қандас қоныс аударып үлгерген.

Сонымен қатар, оларға арнайы мемлекет тарапынан қолдау бар. Яғни, бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде қаржы бөлінеді. Сондай -ақ, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде беріледі.

Алдыңғы пост
Алматыда кино түсіруге бөлінген қаржы ұрланған
Келесі пост
Ақтөбеде 2 оқушы мен ұстазы жол апатынан көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu