305
Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығына қатысты жемқорлық фактісін анықтады. Ресми мәліметке сәйкес, ол жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңгені қалтасына басқан.
Қазіргі таңда, ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, күдікті қамауға алынды.