447
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында жариялады. Жазылған мәліметке сәйкес, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы 14 желтоқсанда жоғалып кеткен.
Серік Нұрқазов 1980 жылдары КСРО құрамасында болған. Ол – 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы, Қазақстан мен КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы. 1984 жылы “Үздік боксшы” атағы берілді. Қазақстандықты бокс профессоры атағын алған.