Бүгін Шымкент қаласы бойынша «Сарбаздардыңаналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөліміне барды.
Сапар барысында қоғам қайраткері сарбаздармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, әскери бөлімнің инфрақұрылымын тексерді.
Ол тамақтану және тұру мәселелеріне ерекше назар аударды, асхана мен казармаға барды. Шарифа Ахметжанқызы бейнебақылау камераларына, жатын бөлмені жайластыру бойынша ішкі қызмет жарғысының талаптарын сақтауға назар аударды, бөлімше командирлерінің сарбаздарға барынша қолайлы жағдай жасауға ұмтылысын атап өтті.
Сарбаздардың аналары комитеті, ең алдымен, мерзімді әскери қызметшілерге қиын жағдайларды жеңуге көмектесу үшін құрылған. Оның өкілдері Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, елдің әскери оқу орындарына үнемі барады. Көп жағдайда қоғамдық бірлестіктің құрамына ұлдары қызмет еткен әйелдер кіреді.
Қоғам қайраткері жас жігітті, болашақ Отан қорғаушыны тәрбиелеу – отбасының маңызды міндеті екеніне сенімді. Бала кезінен бастап ата-аналар балаға Отанға деген сүйіспеншілікті, оны қорғау қажеттілігі туралы ойларды оятуы керектігін атап өтті.
Шарифа Ахметжанқызы қызметтің шарттарын тексеру соңында әскери қызметшілерді барлық аналар атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі