392
Қарқаралыда үш әйелді талаған қасқырдан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарқаралыда 27 желтоқсаннан бастап профилактикалық мақсатта бірқатар шектеу енгізіледі. Бұл шара көзі жойылған қасқырдан құтырма ауруы анықталуына байланысты қолданылады. Осыған байланысты иттер мен мысықтардың көрмелерін өткізуге, оларды серуенге алып шығуға, құтыру ауруын жұқтырған болуы мүмкін мал-жануарлардың өнімдерін (сүт, ет, тері) сатуға және сыртқа алып шығуға тыйым салынады, – делінген әкімдік хабарламасында.