235
Самал саябағында жүрген адамдар Ертіс өзенінде ағып бара жатқан автокөлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
«Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 100 метрдей жерде ағып бара жатқан «Subaru Impreza» маркалы көлікті байқады. Сүңгуірлер көліктің ішін қарап шықты, онда адам болған жоқ», – делінген ақпаратта.
Анықталған мәліметке сәйкес, тұрғын көлігін автотұраққа қойған. Бірақ, қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Нәтижесінде, сырғып, өзенге түсіп кеткен.