419
«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қ. бойынша департаменті аяқтады.
Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді.
Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды.
Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.