405
Бұл туралы Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыс оқиға, түнгі уақытта орын алған. Кеніш «Майкаинзолото» АҚ-ға тиесілі дейді жауаптылар.
“Шұңқырға құлаған автобуста 4 жолаушы (КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші) отырған. Шұңқырдың ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ”,- делінген хабарламада.