341
Күдіктінің қылмыстық әрекеті сараланып, сот ісі Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Нәтижесінде, судья азаматшаны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Айта кетейік, күдікті мен оның көңілдесі және құрбысымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Әңгімелері қыза түскен қыз бен жігіттің арасында қызығушылық орын алып, ақыр соңы қызғанышқа ұласқан. Ашуға булыққан әйел алдымен жігітке, сосын құрбысына пышақ тығып алған. Нәтижесінде, екеуі де өмірмен қоштасқан.