Шымкентті әлемге танытқан «Қазына»

305

Шымкенттегі «Қазына» би ансамблі 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған. Би тобының алғашқы жетекшісі – Сәуле Балбарақова, ал көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері марқұм Мұса Жарқынбеков болған. Қазіргі таңда ансамбльдің көркемдік жетекшісі және  бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зауре Бекембайқызы. Үздік би ансамблі республикалық,шетелдік талай додаларды бағындырып, әлемге еліміздің атын паш етіп жүр. Бас балетмейстер Зәуре Оралованың айтуынша бүгінгі іс-шара жылы бойы өтілетін мерейтойдың бастауы болмақ.

—Мерейтойды республика көлемінде және шетелдерде де өткізу жоспарымызда бар. «Қазына» би ансамблін қалыптастырудағы мамандардың үздік іс- тәжірибесімен бөлісу, жергілікті қолөнер мен ұлттық киім тігу шеберлерінің еңбегін көпшілік назарына ұсыну – біздің басты мақсатымыз, —дейді З.Оралова.

Айта кетейік, «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында ұжымның шығармашылық даму жолын айшықтау, би қойылымдарында тақырыпты ашу, сахналық бейнені қалыптастыруда кәсіби біліктіліктерін арттыру, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін би өнері арқылы қайта түлетуді көздейтін ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

«Шымкент келбеті»

Алдыңғы пост
Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын
Келесі пост
Ажырасқанына 6 жыл болған келіншек, күйеуінен зәбір көріп келеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu