Бүгін аға лейтенант Ержан Жолшы бастаған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің ақпараттық-насихаттау тобы Түркістан облысы Төлеби ауданы Тасарық ауылында болып, Т. Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу, жастар арасында құқықтық тәртіп әскерлері қатарында қызметті танымал ету, түлектерді ҚР Ұлттық ұланыныңАкадемиясына түсуге бағдарлау болды.
Кездесу барысында аға лейтенант Ержан Жолшы балаларға Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары, жоғары әскери оқу орнына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруға шешім қабылдаған кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Ол оқуға немесе әскери қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде олардың білім деңгейіне, денсаулық жағдайына және дене шынықтыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныңАкадемиясы тек Ұлттық ұлан үшін ғана емес, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицерлік кадрлардың ұстаханасы болып табылады. 25 жылдық тарихында оқу орны 4 мыңнан астам жас офицерлерді, оның ішінде көрші елдер –Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үшін офицерлер шығарылымын жүзеге асырды.
Кездесу барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып, оқу және қызмет туралы көптеген сұрақтар қойды. Бұл кездесу бейресми іс-шараға айналды, ал Отанды қорғау – мамандық, міндет және кәсіп болып табылатын әскери қызметшілермен эмоционалды және жанды әңгіме болды.
Сонымен қатар, 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрінің қатысуымен оқушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кездесу соңында Ержан Ертілекұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, балаларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауды тіледі.
ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі