Көп қабатты үйлердің бірінде газ жарылып, екі адам көз жұмды

460

Қайғылы оқиға, Қарағанды облысы, Ботақара ауылында тіркелді. Жарылыстан кейін 7 адам үйінді астында қалған. 5 адам құтқарылғанымен, 2 адам көз жұмды. Сонымен қатар, бес адам жарақат алған.  Оның ішінде үш бала.  Екі бала амбулаториялық емделуге жіберілді, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек пациенттің біреуі өте ауыр жағдайда денесінің  80% күйік шалған. Екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ал, жалпы 7 пәтерге зақым келді.

Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін де бірнеше рет газ жарылу фактілері тіркелген болатын. Мәселен, былтыр баллондардың жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылы болған 128 оқиға тіркелді. Онда 21 адам қаза тауып, 167 адам жарақат алды. Газ баллондарының жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылының  негізгі себептері қауіпсіз пайдалану талаптарын және тұрмыстық газ баллоны мен газ жабдығын сақтау ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады.

Сондықтан, мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар,  газ баллонын суықтан жылы жерге кіргізіп, жылу көзінің жанына қоюға болмайтынын ескертеді.

Алдыңғы пост
26 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды
Келесі пост
Еліміздегі запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu