538
Жағымды жаңалық Екібастұзда орын алған. Қазіргі таңда, сәби мен ананың жағдайы қалыпты. Жедел жәрдем бригадасы жеткенше, толғатып жатқан әйелді күйеуі босандырып алған. Яғни, ер азамат, медицина қызметкерлерінің берген нұслаулықты ретімен орындап, отырған. Абырой болғанда, әйел аман есен сәбиін қолға алған.
Айта кетейік, келіншек жүктіліктің 41-аптасында босанған.
Былтыр павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері 22 әйелді үйде босандыруына тура келген. Ал биыл жыл басынан бастап, үйде толғатып жатқан 6 әйелге шақырту алған.