566
Азаматшаға заң аясында 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Естеріңізде болса, Қостанайда әйел адам такси жүргізушісімен жанжалдасып, құзырлы органдарға шағымданып көмек сұраған. Тіпті, мені зорламақ болды деп, оқиға орнында талып қалған.
Белгілі болғандай, қыздың полицияға жүгінуіне такси жүргізушісінің оны нақты орналасқан жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға апарғаны себеп болған. Ол ашуға булығып, ерсі әрекетке барған.
Бірақ, бұл әрекеті әшкере болып, заң аясында жауапкершілік арқалады.