2018 жылғы Бішкекте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы бүгінде еліміздің қалқаны болған Ұлттық ұлан сапында жас сарбаздарға тәлім тәрбие беріп, физикалықжағынан дамуларына өз үлесін қосып жүр.
Спорт пен бірге басқада салаларды бірге алып жүрген Бауыржан Мұратбайұлы бірер жыл бұрын Ұлттық ұлан сапында өз әскери борышын өтеген болатын. Ал, міне бүгінде жауырыны жерге тимеген, боз кілемде өз қарсыластарына мүмкіндік бермей жүрген спортшымыз ендігі кезекте өз білгенің Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімінде қызмет етіп жүріп, жас сарбаздарға үйретуде.
«Отан алдындағы әскери борышты өткеру еліміздің әрбір азамыт үшін парыз. Менде сол жауапкершілікті сезініп өз борышымды 6656 әскери бөлімінде өтеген болатынмын. Бүгінгі күні сол қызметті жалғастыру мақсатында Ұлттық ұлан әскер қатарына келісімшарт қызметі бойынша әскерге шақыртылдым»- деді өз сөзінде Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі