Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимін ұзартты

164

Таиланд туризм басқармасының мәліметінше, енді 31 тамызға дейін қазақстандықтар 30 күн бойы визасыз жүре алады.

Бастапқыда Таиланд Корольдігімен жасалған келісімге сәйкес визасыз режим тек 29 ақпанға дейін деп бекітілген болатын.

“Таиландтың министрлер кабинеті Қазақстан азаматтарына 2024 жылғы жазғы маусымға туристік виза уақытының ұзартылғанын хабарлайды. Бұған дейінгі визасыз режим 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қолданыста болды. Қазақстандықтар 30 күннен аспайтын уақыт ішінде Таиланд Корольдігінің аумағына кіріп, сол елде бола алады. Ол үшін қазақстандық төлқұжат иелері Тай еліне “келгеннен кейін” туристік визаны рәсімдей алады. Жаңа өзгеріске байланысты визасыз режим 2024 жылғы 1 наурыз бен 31 тамыз аралығына дейін ұзартылды”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл бастама туризмді дамытуға және Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Алдыңғы пост
Көлік жууға және моншаға қанша су жұмсалмақ?
Келесі пост
Еліміздің азаматтары су тұтыну деңгейі бойынша әртүрлі тарифпен төлейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu