284
Оқиға Қарағандыда орын алған. 2011 жылы туылған сәбилі анасы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығына тастап кеткен. Бертін келе баланың цифрлық отбасы картасында сабаққа бармағаны көрсетілген. Дереу тергеу жүргізген прокурорлар, кәмелетке толмаған баланы сату фактісі бойынша тергеу бастады. Өйткені, жасөспірімнің балалар үйіне өткізілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
“Тексеру көрсеткендей, баланы 2011 жылы дүниеге келген сезінде Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығына тастап кеткен. Кейіннен Осакаров ауданындағы Пионерский балалар үйіне жіберілген. Прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады. Бала іс жүзінде жоғалып кеткен. Оның қайда екені белгісіз”, – делінген хабарламада.