Бұл заң жобасы АҚШ-та қабылданбақ. TikTok қытайлық компаниядан бас тартпаған жағдайда желіні АҚШ аумағында қолдануға тыйым салынады. Оларға алты ай уақыт берілген. Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Себебі Қытай билігі өзінің барлау туралы заңдарын ByteDance-ке қарсы пайдаланады екен. Бұл аздай, әр азаматтың жеке деректеріне қол жеткізеді дейді жауаптылар.
Айта кетейік, Қытай елі мұны қорқыту деп отыр. Ал, 170 млн Америкалықтар үшін мұң болмақ.
Жалпы, Қазақстандықтарда бұл әлеуметтік желіні пайдаланудан кенде емес. Өйткені, зейнеткерден жасөспірімдерге дейін аталмыш желіні қолданады. Тіпті, ұятты әрекеттерді де, анайы сөздерді қолданып отыратындар бар. Сондықтан, қоғамда tiktok желісіне наразылық білдірушілердің де саны артып келеді.