Лас вагондар үшін Ақтөбелік тұрғын моральдық шығын өндіріп алды

331

Былтыр жаз айында ер адам кәмелетке толмаған қызымен Атырау-Ақтөбе бағытында қатынайтын пойызға билет алған. Пойызға кірген соң, лас вагонды көріп, бірден ауыстыруды сұраған.Өйткені, іші шаң, суы тот басқан екен. Алайда, жолаушылар пойызындығы жауаптылар  оларды ауыстырудан бас тартқан.

Амалы қалмаған ер азамат көлік полициясының қызметкерлеріне шағым түсірген. Оқиға орнына келген мамандар, фактілерді тіркеп, арыз жаздырып алған. Расында, пойыздың іші лас екенін анықтаған.

“Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының биыл 12 наурыздағы шешімімен “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамынан екі жолаушының әрқайсысына 50 мың теңгеден моральдық шығын және 200 мың теңге өкілдік шығыс өндірілді”, – делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
Балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатылмайды
Келесі пост
15 наурыз – Қайырымдылық күні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu