Қайғылы жағдай 19 наурызда Сайрам ауданында орын алған. Жедел басқару орталығына отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Тез арада оқиға орнына жеткен полицейлер, нәзік жандыны бұрынғы жары пышақпен қорқытып алып кеткенін анықтаған. Жәбірленушінің айтуынша қызын бұрынғы күйеу баласы кепілге алып кеткен. Яғни, пышақпен қорқытып, өз көлігіне салып алған. Ол аздай, құзырлы орган өкілдеріне хабарласып, жағдайды баяндаса өлтіретінін айтып қоқан-лоққы жасаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар 2021 жылы ажырасып кеткен екен.
Қыздың туыстары берген бағытнама бойынша, күдікті “Арлан” арнайы жасақ күшімен Асар ықшам ауданының маңында қолға түсті. Ал, кепілге алынған жәбірленуші босатылды.
Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алған. Нәтижесінде, ауруханаға жеткізіліп, медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, ортақ 3 баласы бар. Сондай-ақ, күдікті бұрын екі рет сотты болған. Лудоманиямен ауырады, Қазіргі таңда, қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.