Қазақстанда азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салынбақ

304

Қоғамда құмаройынға тәуелділік-қарыз алуға себеп болып отыр. Көпшілігі қарыз алып, несиеге белшеден батуда.  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов осылай дейді.

“Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайларда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар”, – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр. Мұндай шешім көпшілікті қуантуы мүмкін. Әсіресе, лудоманияның салдарынан ажырасқан отбасыларға әлдеқайда көмек болуы мүмкін.

Былтырғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде лудоманияға шалдыққандар саны 36 мыңға жеткен. Ал ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының есебі бойынша, құмар ойынның құрығына іліккендер саны 350 мыңнан асқан.  Ал, жалпы букмекерлік кеңселерде 2 миллионға жуық ойын аккаунттары тіркелген. Оның 300 мыңнан астамы  белсенді қолданушылар қатарында болған.

Алдыңғы пост
13 шаһар қала мәртебесінен айырылмақ па?
Келесі пост
Алғаш рет адамға шошқаның бауыры сәтті трансплантацияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu