3 жастағы егіздерді зорлаған нағашы атасына қандай жаза тағайындалды?

264

Алматы облысында 3 жастағы егіздің зорлануына байланысты сот үкім шығарды. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева хабарлады.

Оның айтуынша, күдікті – жәбірленуші қыздардың атасы мен әжесі. Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ал әжесі болса, 25 жылға түрмеге тоғытылды.

“Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық жауаптылықтан жалтару, қызметке немқұрайлылық және әрекетсіздік белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады”, – дейді Зәкиева.

Естеріңізде болса, бұл оқиға былтыр қоғамды дүр сілкіндірген. Яғни, қылмыстық жағдай, 2023 жылы Алматы облысы Бақанас ауылында орын алған. 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлады деген күдікке ілінген болатын.

Естеріңізде болса, мәжіліс бала өлтіру және педофилия қылмысы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Сонымен  қатар, мәжіліс “кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар үшін сотталған” шетел азаматтарының елге кіруін және Қазақстан азаматтығын алуын шектейтін заң жобасын да қабылдаған еді.

Алдыңғы пост
Түйеден құлаған туриске 45 млн теңге төленді
Келесі пост
Еліміздегі бірнеше қаланы су басты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu