405
Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Мұндай шешім, Ресей астанасы Мәскеудегі терактіден соң қабылданған.
“Бүгінде сауда үйлері, концерт залдары терроризм қаупі бар нысандарға жатады. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандар террористік тұрғыдан осал нысандар категориясына жатады. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бар. Жалпы мұндай жерлерде адам көп жиналады”, – деді ол.
Ол, ірі нысандарда қауіп болатынын айта келе, Президент тапсырмасы өз ретімен орындалып жатқандығын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда кешкі уақытта Мәскеу облысындағы Красногорск қаласында теракт жасалды. Қару асынған лаңкестер “Крокус” орталығына баса көктеп кіріп, жолда кездескеннің барлығына оқ жаудырған. Артынан концерттік ғимаратты өртеп жіберді. Қауіпсіздік қызметкерлерінде атыс қаруы болмаған, олар еш қарсылық көрсете алмаған. Осыған байланысты, барлығы 11 адам ұсталған. Қылмыстық істің кесірінен 137 адам қаза тапты. Соның ішінде үш бала бар. Бұдан бөлек, 180 адам зардап шеккен.