Еліміз тағы да төтенше жағдайға дайын болмады ма?

294

Президент шұғыл кеңес өткізіп, бірқатар шенеуніктердің шаңын қақты. Олар, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатаң сөгіс арқалады. Сонымен қатар, Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды. Яғни, Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға астына алды. Және олардың арасында жүйелі байланыс болмаған деп отыр. Осындай олқылықтар үшін, зардап шеккен тұрғындардан кешірім сұрап, барлық шығындар өтеледі деп уәде берді.

Сондай-ақ, Президент, Премьер-Министрдің төрағалығымен Республикалық штаб құру, сондай-ақ барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Қазіргі таңда, әр өңірді мәжіліс депуттары мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер аралап, жағдайды жақсартуға тырысуда. Десе де, табиғи апатқа қарсы тұру, салдарымен күресу оңай болмасы анық.

Айта кетейік, былтыр орман өртеніп, қаншама адам оттың астында қалған болатын. Мұнан соң, қақаған қысты тұрғындар жылусыз қалып, әбден қажыған болатын. Енді су тасқыны орын алып, еліміздің азаматтары есеңгіреп қалды.

Алдыңғы пост
Күзетшіні алдымен көлігімен қағып, сосын өлімші етіп сабаған
Келесі пост
Төтенше жағдайдан 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu