Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенованың әкесінде қандай да бір психикалық ауру болған деп отыр.
“Бұл Салтанаттың мінез-құлқының себебін түсіндіреді”, – деді Бишімбаев.
Сонымен қатар, Бишімбаев соққыға жығылған Нүкенованың суретін өңделген деп отыр. Сөзіне сенсек, үйленгеннен кейін Салтанат оны балағаттап, ыдыс-аяқ сындырып, Бишімбаевты өзі ұра бастаған.
“Сол кезде ол мені бірінші рет ұрды. Содан соң татуластық. Бұл жанжал 20 наурыз мереке қарсаңында болды. Демалыста түнге дейін кездесу өткіздім. Мұнда көрсетілген сурет бізге беймәлім. Ол өңделген болуы мүмкін. 20 наурызда оған ешқандай зақым келген жоқ”, – деді Бишімбаев.
Сот отырысында тағы тың ақпараттар айтыла бастады. Яғни күдікті Салтанаттың қоңырауына жауап бермегені үшін, ағасының қоқан-лоққысына тап болғанын мәлімдеді.