Ауыр жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша мемлекетке 591 млн теңге шығын келген

286

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментімен 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеу үшін төлемсіз заңсыз тіркеу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 591 млн теңгені құрайды.

Республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғындары 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік тіркемелерін әкелгені анықталды. Бұл бастапқы тіркеу төлемін 7 млн теңгеден 700 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Салық кодексіне сәйкес, шығарылған күні расталған жүк көліктері үшін төленетін сома 2500 АЕК болатын еді, бірақ күдіктілер жалған құжат арқылы 350 АЕК төлеген.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен қызметтік үйлеріне тінту кезінде халықаралық жүкқұжаттар, шот-фактуралар мен кедендік төлемдерді төлеу түбіртектері, көлік құралдарын сатып алу келісімшарттары, декларациялар анықталып, тәркіленді. Нәтижесінде, сот санкциясымен жоғарыда аталған көліктерге, сондай-ақ күдіктілердің 1 млрд теңгеге жуық мүлкіне тыйым салынды деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Алдыңғы пост
Өз еркімен көшеде жатқан тұрғынды көлік қағып кетті
Келесі пост
Еліміздің басым бөлігінде су тасу қаупі сақталады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu