7,5 балдық жер сілкінісі салдарынан бірнеше ғимарат қирап, үйлер талқан болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тайваньның Хуалиен қаласынан оңтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Аймақта қуатты жер сілкінісі соңғы 25 жылда болмаған екен. Ал 15 минуттан кейін метеорологтар жер сілкінісі қайталанып, магнитудасы 6,6 балға жететінін ескерткен.
Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, магнитудасы 7,5 болатын бірінші жер сілкінісі 3 сәуір күні, Астана уақытымен таңғы 04:58-де Тайваньның шығыс жағалауында тіркелген. Жер сілкінісінің тереңдігі әлі анықталған жоқ, тек оның су астында «өте таяз тереңдікте» болғаны анықталды.
Цунами Жапонияға дейін жеткен. Жер сілкінісінен кейін Окинава, Мияко және Яеяма аралдары тобына цунами қаупі төнді. Жапон мамандары толқынның биіктігі үш метрге жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал Қытайда қауіптің жоғары деңгейі белгіленді.