«Спорт шеберлері» жалған атақтарын беру фактілері анықталды

293

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Агенттік Төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжілісте белгілі болды.

Жиын барысында елімізде спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтыратын елеулі жемқорлық тәуекелдері мен факторларының болуын көрсеткен сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта бұрынғы вице-министр, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Спортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуына әкелді.

Айта кетейік, ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөлу қажеттілігін айтқан болатын. Осыған байланысты соңғы 6 жылда  бюджет 2 есеге өсіп, осы салаға 1,4 трлн теңге бөлінген. Алайда, Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингісі төмендеуде. Осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын «жоғары жетістіктер» және «бұқаралық» спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады. Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым деді жиынға қатысушылар.

«Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды. Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

Сонымен қатар, спорттық процестерде цифрландырудың болмауы жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қаражаттардың жымқырылуына әкеліп соғады. Осыдан екі жыл бұрын жоспарланған «Е-sport» ақпараттық жүйесі осы уақытқа дейін іске қосылған жоқ. «Спорт шеберлері» жалған атақтарын беру фактілері анықталды. Бұдан бөлек, талдау барысында бірнеше олқылықтар анықталған. Мәселен,  Президенттің бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төлеген. Сонымен қатар, өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалған. Осыған байланысты, Агенттік салалық министрліктің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізді.

 

Алдыңғы пост
Жайық өзеніндегі судың деңгейі артуы мүмкін
Келесі пост
Прокуратура Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu