313
Бүгін Бекзат Саттархановтың туған күні. Ол, 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келген.
Елімізге еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы. Ол осы атақпен ел есінде мәңгі қалды.
Небәрі 20 жасында Сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, көпшілікті тәнті еткен. Жартылай жеңіл салмақта алтын жүлдені жеңіп алған. Осылайша боксшы туды көкке көтеріп, рингті айнала жүгірген кезі елдің көз алдында. Бірақ содан 3 ай өткен соң, қазақ елі жол апатында ардақты ұлынан айырылып қалды.
Айта кетейік, әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.