Министрлер кабинетінің төрағасы Бішкектегі жылу электр орталығында апат болғанда Қазақстанның Қырғызстанға көмек қолын созғанын еске алды.
“Біз де оларға сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз. Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының арқасында олар біз сұрағанға дейін көмек қолын созды. Қазір керуен дайындалып жатыр”, – деді Ақылбек Жапаров.
Қазақстанға Қырғызстанда дайындалған отандық өнімдер жіберіледі.
Естеріңізде болса, Бішкек ЖЭО-да апатты жағдай оры алғанда, қолдау көрсету үшін еліміз материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлген болатын.
«28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жіберілді.
«Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады», – делінген еді ақпаратта.